Зейнетақы қорындағы жинақты алып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқ ұсталды

Ақтөбе полицейлері тұрғынды зейнетақы жинағындағы ақшасын алып беретінін айтып, 130 мың теңгесін алдап алған күдікті әйелді ұстады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында зейнетақы қорынан ақшасын алуға көмектесетінін айтып, Ақтөбе тұрғынының ақшасын иеленген күдікті әйелді полиция бөліміне жеткізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Тергеп-тексеру барысында күдікті 48 жастағы ақтөбелік тұрғынның зейнетақы жинағын алып беретінін айтып, өз қызметі үшін одан 130 мың теңгеге жуық ақша алғаны анықталды. Жәбірленуші оны ортақ таныстары арқылы тауып, ұялы телефон арқылы байланысқан және ақшаны күдікті көрсеткен шотқа банктік қосымша арқылы аударған. Уәде етілген зейнетақы қорындағы ақшасын да, өз ақшасын да қайтарып ала алмаған тұрғын полицияға арызданды.


Оқи отырыңыз: "Банк картасының деректерін сұрайды". Телефон алаяқтарынан қалай қорғануға болады?


Қазіргі таңда полиция қылмыстық іс қозғап, алаяқтық дерегі бойынша күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Ақтөбе облысының полиция департаменті тұрғындарды күмәнді мәмілелер жасау мен қызметтерді делдалдар арқылы алудан бас тартуға, сондай-ақ белгісіз адамдарға алдын ала төлемдер жасамауға шақырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".