Жемқорлардан алынған қаражатқа 72 жаңа мектеп салынады

Үкімет басшысы тиісті қаулыға қол қойды.

Үкімет сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен қаражатты мектеп құрылысына беру тетігін бекітті. Қаулыға  премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті.  Сонымен қатар республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 млрд теңге – 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға және тағы 12,6 млрд теңге 3 жаңа нысанның, оның ішінде 1400 орынға арналған екі ауысымды 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат құрылысын аяқтауға бағытталады.

"Осылайша, бұл механизм үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады", – деп жазылған хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".