Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа қанша мектеп салынады

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, салынатын мектеп саны әр білім ошағының қажеттілігіне қарай айқындалады.

Informburo.kz тілшісі үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтен жемқорлардан тәркіленген қаражатқа мектеп салу мәселесі туралы сұрады.

Министр бұл туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар екенін және қазір сол тапсырманы орындау үшін заңнамаға өзгерістер енгзіліп жатқанын айтты.

"Бұл заңнама мәжілісте қаралып жатыр. Ол қабылданғаннан кейін жоба іске асырылады. Үкімет басшысының соңғы ақпаратына сәйкес, қорға 100 млрд теңгеге жуық қаражат түсуі тиіс. Ол қаражат мектеп салуға жұмсалады", – деді министр.


Оқи отырыңыз: ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне ұстап беруді міндеттейтін келісімге келді


Асхат Аймағамбетов мектеп салу құны оның қуаттылығына қарай әртүрлі болатынын ескертті.

"Ол шағын мектеп, болмаса бір мектептің жанына салынатын қосымша ғимарат болуы да мүмкін. Мектептердің саны соған байланысты нақтыланады. Бұл жоба тек биыл ғана емес, келесі жылдары да іске асырылады", – деді министр.

Бұған дейін Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы бір мектепті салу шығынын 5-6 миллиард теңгеге бағалап, 170-ке жуық орта оқу орны салынады деп болжам жасаған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".