Жеңілдетілген автонесие: Ескі бағдарлама бойынша өтініш беруге бола ма?

Қазақстан даму банкі бағдарлама әлі жұмыс істеп тұрғанын хабарлады.

Қазақстан даму банкі ескі бағдарлама әлі жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. Kolesa.kz жазуынша, қарыз алған азаматтар қайтарған қаражаттан ай сайын несие беріліп жатыр. Биылғы жылдың алғашқы төрт айында несие алған азаматтар орта есеппен ай сайын 2,5 млрд теңге қайтарған. Бұл ақшаға ай сайын 237 пайызы төмен автонесие беріледі.

Ескі бағдарлама бойынша қалай өтінім беруге болады?

Ол үшін бағдарламаға қатысып жатқан екінші деңгейлі банктерге ("Еуразиялық банк", "Халық банкі", "Банк ЦентрКредит", ForteBank) өтініш беру керек.

Бағдарлама шарттары әлі өзгерген жоқ:

  • Автомобиль құны — 15 млн теңгеден аспайды.
  • Несие мерзімі — 7 жылға дейін.
  • Несие валютасы — теңге.
  • Номиналды сыйақы мөлшерлемесі — 4 %-дан аспайды (көлік құралын сақтандыру және тіркеу шығындарын ескере отырып жылдық тиімді мөлшерлеме 7.5 %-дан аспауы керек).
  • Бастапқы төлемді бағдарламаға қатысатын банктер белгілейді.

Өтініш беруші автосалонда Қазақстанда жасалған, құны 15 млн теңгеден аспайтын машина таңдайды. Алуға болатын автомобиль маркасы мен моделін Қазақстан даму банкі сайтынан көруге болады. Содан кейін автосалоннан төлем шотын алу қажет.

Сосын жеңілдікті автонесие алуға банкке өтініш беріп, мақұлдауын күтеді. Өтініш мақұлданса, кепілхат алады. Кейін автосалонда машинаны сатып алу шартын жасап, көлікті өз атына тіркейді, сақтандыру құжатын дайындайды. Содан кейін банк өтінімді қаржыландырып, өтініш беруші автомобиль алады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".