Жер алып, үй салуға болады: Отбасы банкі "Жас отбасы" бағдарламасының артықшылығын түсіндірді

"Жас Отбасы" бағдарламасы жас отбасыларға тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді.

Неке қию мерзімі 5 жылдан аспайтын және бастапқы жарнаны кемінде бір жыл жинақтаған жас отбасыларға ипотека тек жылдық 6 пайызбен беріледі. Бұл алғашқы екі жылдағы ставканың мөлшері ғана, содан кейін несие мөлшерлемесі 5 пайызға (ЖТСМ – 5,1%) дейін төмендейді. Бұл туралы Отбасы банкінің Instagram парақшасында жарияланды.

"Бағдарламаға қатысу үшін ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де отбасы банкте "Жас отбасы" депозитін ашуы, бір жыл ішінде сатып алынатын пәтер құнының 50% жинақтауы және 5 бағалау көрсеткішіне (ОП 5) жетуі тиіс. Қаражатты жинақтау кезінде депозитке жылдық 2% (ЖТСМ 14%) мөлшерінде банктік сыйақы және 20% мөлшерінде (200 АЕК-тен аспайтын сомаға) мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы түседі", – деп жазылды хабарламада.

Ерлі-зайыптылар әрқайсысы өз атына депозит ашып, кейіннен шоттарды "Отбасылық пакетке" біріктіріп, мемлекет сыйлықақыны екі есе көп ала алады.

"Жас отбасы" бағдарламасының тағы бір артықшылығы – сізде қанша бала болса да, қандай жаста болсаңыз да маңызды емес. Бағдарлама шарттарына сәйкес, жас отбасылар жаңа үйлерден де, екінші деңгейлі тұрғын үйлерден де пәтер ала алады. Тіпті жер сатып алып, үй салуға болады. Ол үшін 6 жылдан 9 жылға дейінгі мерзімге қарыз беріледі.


Оқи отырыңыз: Жас отбасыларға арналған ипотека: 6 пайызбен қалай тұрғын үй несиесін алуға болады?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".