Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады

Фото: Primeminister.kz сайты
Фото: Primeminister.kz сайты
Мектеп бой көтеретін Көксу ауылында жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда.

Үкімет Арнайы мемлекеттік қордан Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты

Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп жұмыс істеп тұр, онда екі ауысымда 53 бала білім алуда. Сонымен қатар білім ошағында спорт және акт залдары, асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді. 

Жаңа мектеп 60 орынға арналған. Ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сәйкес жабдықталған. Нысанның құрылысы білім берудің қолжетімділігі және мектептегі орын тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді: қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады. 

Бүгінгі таңда Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға Арнайы мемлекеттік қордан 58 млрд теңге бөлді. Атап айтқанда, 5 мектеп, оның ішінде бір музыкалық, 2 спорт кешені, көпфункционалды аурухана кешені, жатақхана, 2 балабақша және жедел медициналық көмек көрсету стансасы бар. 

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң субъектілері есебінен Арқалық, Астана, Алматы қалаларында бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысаны салынуда.


Оқи отырыңыз: Ұлытау облысында қайтарылған активтер есебінен 1,4 млрд теңгеге жаңа мектеп салынады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".