Жетісу облысының тұрғындары қоқыс шығару үшін 10 есе артық ақша төлеген

Бұл жағдай бір жылдан астам уақытқа созылды.

Жетісу облысының кемінде бес ауданында шенеуніктер үш жылдан астам уақыттан бері мәслихатта қалдықтарды шығару тарифтерін бекітпеген. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Табиғатты қорғау прокуратурасы жүргізген шаралар барысында облыстың 5 ауданында: Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласында коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді.

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады.

"Қызмет көрсететін компаниялар тарифты өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған. Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді", – деп жазған хабарламада.


Оқи отырыңыз: "Медеу" табиғи паркіндегі жер учаскелері заңсыз үлестірілген


Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында: Алакөл, Кербұлақ және Сарқанда жалғасын табуда.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".