Жәнібек Әлімханұлының міндетті қарсыласы белгілі болды

Екі тарап 10 күн ішінде ортақ келісімге келуі қажет.

WBO Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Хайме Мунгия арасында міндетті жекпе-жек өтуі тиіс екенін жария етті.

WBO шешіміне сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы мен мексикалық боксшы Хайме Мунгия келісімге келсе, орта салмақта уақытша әлем чепмионы атағы үшін жұдырықтасады.


Оқи отырыңыз: 


Екі тарап 10 күн ішінде келісімге келуі керек. Келісім болмаса, жекпе-жек WBO ережесіне сәйкес бәс саудаға салынып, ең төменгі сома 200 мың доллар көлемінде белгіленеді.

WBO ұйымы міндетті жекпе-жек туралы хабарламаны екі боксшының промоутерлеріне ескерткен. Айта кетейік, Жәнібек WBO Global титулы иегері, атақты промоутер Боб Арумның Топ Ранк компаниясымен келісімшарты бар. Ал орта салмаққа жақында ауысқан Golden Boy промоутерлік компаниясының боксшысы Хайме Мунгия WBO Inter-Continental титулының иегері.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".