Жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

Жобаны "Жастар" ҒЗО мен "Отбасы банк" АҚ жүзеге асырады.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мен Отбасы банкі қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді. Бұған дейінгі жүргізілген сауалнама кезінде "Жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?" деген сұраққа респонденттердің 40,9 пайызы "Өз баспанасы" деп жауап берген.  

Қазіргі таңда "Отбасы банк" АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосып жатыр. Олар – "Елорда жастары", "Алматы жастары", "Қарағанды жастары", "Әулиеата жастары", "Қостанай жастары" бағдарламалары. Дәл осындай бағдарлама Атырауда да ("Алатау жастары") іске қосылады.

Несие беру шарттары:

  • бастапқы жарна кемінде 10%;
  • жылдық несие мөлшерлемесі 5%;
  • несие мерзімі 19 жылға дейін.

Оқи отырыңыз: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Баспана нарығында басқа қандай жаңалық бар?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".