Жаздың басында Қазақстанда күн жылына бастайды

Маусымның бірінші күні батыста ауа +35 градусқа дейін жылынады.

"Қазгидромет" синоптиктері 30 және 31 мамырға, сондай-ақ жаздың бірінші күні – 1 маусымға ауа райы болжамын айтты.

Еліміздің солтүстік, солтүстік-батысы, батысы, шығысы мен орталығының тұрғындары көктемнің соңғы күндерінде ауа райының құбылмалылығын сезінеді. Онда найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел күтіледі. Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын, керісінше, тоқтайды.

Түнде және таңертең аяз күтілуде: 31 мамырда – солтүстік-батыста, 31 мамырда және 1 маусымда – солтүстікте, 1 маусымда – шығыста. Жаздың бірінші күні күндіз республиканың басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:

  • республиканың батысы мен оңтүстігінде – 27-35 градусқа дейін,
  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында - 15-25 градусқа дейін,
  • оңтүстік-шығыста - 22-27 градус дейін.

Оқи отырыңыз: "Шілдеде" неге қырық күн? Қазақ халқының ауа райы болжамдары


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".