Жеке балабақшалар аттестациядан қалай жалтарады?

Асхат Аймағамбетов балабақшаларды лицензиялау мәжбүрлі шара екенін тағы еске салды.

Жекеменшік балабақшалар аттестациядан өтпеудің амалын тауып алған, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясының панельдік отырысында.

"Аттестация бес жылда бір рет өткізіледі. Қазір мынадай мүмкіндік ойлап тауып алыпты. Төрт жыл жұмыс істейді де, бесінші жылы жабылады. Содан кейін қайтадан жаңа мерзімде ашылып, жаңа субъекті ретінде тіркеледі", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министр бұдан ең алдымен балалар мен тәрбиешілер зардап шегетінін айтып, лицензиялауды енгізуге мәжбүр болып отырғанын айтты. 

"Сондықтан біз бұл шараны енгізуге мәжбүрміз. Іс жүзінде бұл үшін қаншама ресурс, қаражат, уақыт бөліп, назар аудару қажет. Мұны ешкім біреуге пайда әкелу үшін жасамайды. Бұл, ең алдымен, балалар мен қоғамға тиімді", – деді Асхат Аймағамбетов. 


Оқи отырыңыз: Ата-аналардың жеке балабақшаларға қатысты шағымдары қандай?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".