Жүргізушілерге аптасына 91 сағат жұмыс істеткен автобус парктерінің басшылары жазаланды

Тәртіп бұзған автобус парктерінің басшылары тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, Астанада автобус жүргізушілері аптасына орташа есеппен белгіленген 40 сағаттың орнына 91 сағат жұмыс істеген.

"Жұмыс уақытын екі есе асыра орындау жүргізушілердің де, жолаушылардың да өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді", –  деп жазылған хабарламада.

Заң бұзушылықты анықтаған Сарыарқа ауданының прокуратурасы автобус парктерінің басшыларына жиын өткізіп, оларға заң талаптарын түсіндірді. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Оқи отырыңыз: Астанада 31 тамыздан бастап желіге екі автобус бағдары қосылады.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".