Жұманғарин: Екібастұзда әлеуметтік бағыттағы тарифтік саясат үстем болған

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, былтыр Екібастұзда тариф есебінен 420 шақырымдық желілердің тек 619 метрі жөнделген.

Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Екібастұздағы жаңдайға байланысты жылу тарифтері туралы пікір білдірді.

"Бұл белгілі бір уақыт ішінде әлеуметтік бағыттағы тарифтік саясаттың үстемдік етуінен деп ойлаймын. Ауыртпалық негізінен бюджеттік ұйымдар мен заңды тұлғаларға түсті, тарифті саралау осылай жалғасты. Сондықтан былтыр Екібастұзда тариф есебінен 420 шақырымдық желілердің тек 619 метрін жөндеуге мүмкіндік туды. Бұл 0,01 пайызы ғана. Мұндай тарифтік саясат ерте ме, кеш пе осындай салдарға әкеледі. Мұндай қондырғыларға қызмет көрсету қымбатқа түседі. Оны кейінірек жаңарту немесе қайта құрудан гөрі жұмыс жағдайында ұстау оңайырақ", – деді үкімет басшысының орынбасары.

Серік Жұманғарин бұл мәселеге мемлекет басшысы апатқа дейін назар аударып, нақты тапсырма бергенін еске салды. Айтуынша, қазір тариф саясатының жаңа тәсілдері аяқталып жатыр.

"Мен ұзақ мерзімді тарифтер жасауды ұсынамын. Ал бұл идеология Табиғи монополияларды реттеу комитетінде. Бұл мемлекеттің тариф бергісі келмейтінінде емес, мәселе тек оларды беріп қана қоймай, олардың орындалуын бақылау және инвестицияның нақты инфрақұрылымға жұмсалуын қамтамасыщ ету қажет", – деді Серік Жұманғарин.


Оқи отырыңыз: Астанада пәтер кілттері шілдеде табысталған тұрғын үйге әлі жылу берілмеген


Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары "Екібастұз халқына өтемақы беріле ме?" деген сауалға: "Бүкіл шығындарын мен айтып кеттім, компанияның иелері өзінің қалтасынан орнына қояды", – деп жауап берді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".