Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу мерзімі 2024 жылға шегерілді

Жарна мөлшері жұмысшы жалақысының 5 пайызын құрайды.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы Үкімет қаулысына өзгеріс енгізілмек. Ол өзгеріс аталған мерзімді 2023 жылдан 2024  жылға шегеруді көздейді.

Қаулы жобасына сәйкес, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу объектілері:

  • заңды тұлғалар үшін – жалдамалы жұмыскерлердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын дара кәсіпкерлер үшін – жалдамалы жұмыскердің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысы;
  • Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінде жұмыс істейтін дипломатиялық қызмет персоналы бөлігінде ҚР Сыртқы істер министрлігі үшін – ҚР Сыртқы істер министрлігі орталық аппаратының персоналына теңестірілген лауазымдар бойынша айлықақының 100 пайыздық мөлшері;
  • жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер үшін – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өзі алатын табыстан өз пайдасына есептеу  болып табылады.

Оқи отырыңыз: 


Қаулы жобасы 2 желтоқсанға дейін қоғам талқысында болады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".