Жол жөндеу жұмыстары: Алматыда 3 күн бойы қай жолдар жабық болады

Сейфуллин даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүруде: келесі учаскеде жұмыстар басталады.

Сейфуллин даңғылы бойындағы учаскелердің бірінде жұмыс аяқталып, Алматы-1 вокзалының айналмасынан Жұмабаев көшесіне дейін қозғалыс ашылды. Бұл туралы Almaty_Joly telegram арнасында жазылды.

"Енді полимерлі асфальтбетонды төсеу жұмыстары Сейфуллин даңғылының Жұмабаев көшесінен Ақан Сері көшесіне дейін жүргізілмек. 8 тамыз сағ. 23:00-ден 10 тамыз сағ. 07:00-ге дейін қозғалыс толық жабылады. Ақан Сері, Жұмабаев, Жансүгіров және іргелес көшелер арқылы айналма жол қамтамасыз етіледі. Жұмабаев, Айбасов, Дулатов, Котельников, Ақан Сері көшелері арқылы тура жол ашық болады",деп жазылған хабарламада.

Жол қозғалысын ұйымдастыруға 4 патрульдік полиция бригадасы жұмылдырылады.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жол жөндеу бойынша ақпарат жарияланатын Telegram каналы ашылды.


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".