ЖОО бағдарламасына "Кәсіби қазақ тілі" пәнін енгізу жоспарланып отыр

Ол қазақ, орыс не өзге тілде білім алатын студенттердің бәріне міндетті пән болмақ.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының бағдарламасына "Кәсіби қазақ тілі" пәнін енгізуді жоспарлап отыр. Ол білім алу тіліне қарамастан, студенттердің бәріне ортақ міндетті пән болады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды.

Еске салайық, Amanat, Ақ жол партияларының және бір мандатты округтен сайланған бірқатар депутаттар Мәжіліс мінберінде мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, терминологияны біріздендіру қажеттігін айтқан болатын.

Соған орай, Алтай Көлгіновтың жауабынан Ғылым және жоғары білім министрлігі міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесін пысықтап жатқаны белгілі болды.

Бұл сөздіктер жоспар бойынша 2026-2027 жылдары дайын болмақ. Олар аталған министрлік жанындағы республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленеді.


Оқи отырыңыз: 32 жылда тек "Тілдер туралы" және "Көші-қон туралы" заңдар ғана қазақ тілінде әзірленді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".