Жұбайын өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Бишімбаев 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Экс-министрдің үстінен "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Экс-министрдің үстінен "аса қатыгездікпен кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әу баста қозғалған ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының тармағы өзгерді. Қадағалаушы органның өкілі күдікті өз құқығын пайдаланып, артық ақпарат айтпай отырғанын жеткізді. Ауыр қылмысты жасырып, полицияға хабарламағаны үшін "Гастро-орталықтың" директоры, Бишімбаевтың туысы да қазір қамауда отыр. Тергеу жалғасуда.


Оқи отырыңыз: "Заң бәріне бірдей". Тоқаев Бишімбаев ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды


Елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға 9 қарашада болған. Астанадағы мейрамханалардың бірінен Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованың мәйіті табылған еді. Сол кезде "адам өлтіру" бабымен бұрынғы Ұлттық экономика министрі қамауға алынған болатын.

"Марқұмның өліміне алып келген тікелей Бишімбаевтың іс-әрекеті екені сөзсіз. Осы қылмысқа кінәлі Бишімбаев өзінің құқықтарын пайдалана отырып, осы іс бойынша қандайда бір мағлұматтар беруден бас тартып отыр. Қазір қылмыстық істі тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".