Жұмысшылардың жалақысына бөлінетін субсидияның ең төменгі мөлшері өзгереді

Қазіргі таңда ол 20 айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

Қазақстанда субсидияланатын жұмыс орындарына тұрған жұмысшылардың жалақысын субсидиялау шарттары өзгереді. Нақтырақ айтқанда, субсидияның ең төменгі мөлшері өзгереді.

Қазіргі таңда субсидияның төменгі мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішпен есептелсе, енді оны ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеу көзделіп отыр. 

Бұл өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеру жоспарымен байланысты. Өйткені, 2024 жылы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшері ең төменгі жалақы мөлшеріне жетпейтін соманы құрайды. Ал бұл "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" заң талаптарына қайшы. 


Оқи отырыңыз: JOLTAP жобасы: Астаналықтар тігін фабрикасына жұмысқа орналаса алады


Еске салайық, 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына сәйкес, 2024 жылы АЕК мөлшері 3692 теңгені құрайды. Бірақ, соның өзінде 20 АЕК 73 840 теңгені құрап, ең төменгі жалақы мөлшеріне жетпейді. 
Айта кетейік, ең төменгі жалақының мөлшері жылдан жылға өзгеріп келеді. Тек соңғы 5 жылдың (2018-2023 жылдар) өзінде ол 4 рет өзгерді.

Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 7 қарашаға дейін. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".