Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар

Адамдардың суға кетуінің негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу.

Қазақстанда жыл басынан бері 45 адам, оның ішінде 14 бала суға кетіп, қаза тапқан. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында баяндады. Министрдің айтуынша, суға батқандардың ең көбі Ақтөбе (5 бала), Абай (5 адам, оның ішінде 2 бала), Қостанай (5 адам) облыстарында. 

"Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу", – деді министр.

Ал соңғы 3 жылда елде 1 103 адам, оның ішінде 321 бала суға кеткен. 


Оқи отырыңыз: Қарағандыда ағынды судың 70 пайызы тұрғындар шомылатын су қоймасына құяды


Айта кетейік, бүгінгі таңда ел бойынша 487 орында шомылуға рұқсат етілген. Оның 149-ы – коммуналдық, 338-і – жеке жағажай. Дегенмен, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында рұқсат етілген орындардың тізбесі әлі бекітілмеген. Ал Алматы және Қарағанды облыстары әкімдіктерінің қаулылары қайта өңдеуді талап етеді. Рүқсат етілген жағажайлардың 180-інде медициналық пункттер және балаларға арналған шомылу учаскелері жоқ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".