Жыл басынан бері қандас атанған 17,3 мың этникалық қазақтың 11,1%-ы жоғары білімді

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде тек 3,1%-ының білімі жоқ.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 17 358 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 87,7 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі:

  • Өзбекстан – 76,2%;
  • Қытай – 9,7%;
  • Түрікменстан – 6%,
  • Моңғолия – 2,5%;
  • басқа елдерден – 5,7%.

Келген этникалық қазақтар негізінен:

  • Алматы – 28,3%;
  • Түркістан – 13,4%;
  • Маңғыстау – 19,1%;
  • Жамбыл облыстарына – 7,8%;
  • Шымкентке – 10,5% қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 55,2%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 28,1%-ды және зейнеткерлер 16,8%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша – 11,1% жоғары білімді, 40,2% – орта кәсіби білімді, 45,5% – жалпы орта білімді және 3,1% – білімі жоқ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".