Жыл соңына дейін қазақстандықтар тағы 9 елге ұшақпен қатынай алады. Олар қай елдер?

Жыл басынан бері халықаралық бағыттағы 9 рейс іске қосылған.

Биыл Қазақстаннан халықаралық бағыттарға 18 жаңа авиамаршрут ашу жоспарланып отыр, деп баяндады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында. Бүгінгі күнге дейін оның 9-ы ашылған.

Жаңартылған бағыттар:

  1. Астана – Пекин (Air Astana);
  2. Алматы – Самарқан (FlyArystan); 
  3. Астана – Баку (AZAL);
  4. Астана – Үрімші, Алматы – Сиань (China Southern Airlines). 

Жаңадан ашылған бағыттар:

  1. Алматы – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo);
  2.  Астана – Шарм-эль-Шейх (Air Cairo-2, Red Sea-2);
  3. Астана – Сиань – Пекин (Air China);
  4. Шымкент – Дели (FlyArystan).

Жоспар бойынша, жыл соңына дейін Доха, Куала-Лумпур, Анкара, Карачи, Лахор, Джидда, Маскат, Прага және Тель-Авивке тағы 9 жаңа халықаралық маршрут ашылады. Ал 2025 жылға дейін Мумбай, Гонконг, Вена, Токио, Сингапур, Нью-Йорк және басқа қалаларға рейс ашу жоспары бар. 


Оқи отырыңыз: Түркістаннан Абу-Дабиге тікелей әуе рейсі ашылады


Атай кетейік, бүгінгі күні Қазақстаннан 27 елге 103 авиамаршрут бойынша халықаралық тасымалдарды 3 отандық, 26 шетелдік авиакомпания орындайды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".