Жылу мен жарыққа жарымай отырған атыраулық 4 мың тұрғын қыста жылусыз қалды

Атырау қаласының іргесіндегі "Жұлдыз-3" ықшамауданының тұрғындары жылу мен жарықтың азабын тартып отыр.

Электр қуатының жиі өшуінен жұрт бала-шағасын оқыта алмай, сергелдеңге түскен. Жаңа ықшамауданда қыс басталғалы газдың қысымы да төмендеп, бұқара баспаналарын жылыта алмауда, деп хабарлайды 31 арнаның Инфрмбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Жұлдыз-3" ықшамауданының тұрғындары талап-арыздарын айту үшін жиналды. Төрт мыңға жуық тұрғыны бар жаңа ықшамауданда жарық жиі өшеді.

"Ең басты мәселе – тоқ мәселесі болып тұр. Тоқ ауа-райы салқындай бастағанда немесе жаңбыр жауғанда өшіп қалады. 4-5 күн бұрын сағат 19:30 шамасында тағы өшіп қалды", – деді Атырау қаласының тұрғыны Әйбек Бітімбаев.

Атырау қаласының тұрғыны Азамат Бабажанов жарықтың жиі өшуінен тоңазытқыш бұзылып қалғанын айтты. Жарық мәселесімен қоса мардымсыз жылу мәселесі де жұрттың жанына батқан. Қыс басталғалы газ қысымы төмендеп, тұрғындар баспаналарында тоңып отыр.

"Соңғы 2 жыл уақытта осы жарықтың кесірінен жылу да жоқ. Үйдегі электронды құрал-жабдықтарымыз істен шығып қалады. Соңғы 2 жыл бойы көрген қорлығымыз осы", – деді Атырау қаласының тұрғыны Масрипа Есенғалиева.


Оқи отырыңыз: Павлодарда бірнеше көше электр жарығынсыз қалды


Жалпы "Жұлдыз-3" ықшамауданында 8 трансформатор бар. Шенеуніктер тозығы жеткен жарық желілерін ауыстыру жоспарланғанын жеткізді. Жаңа жоба нақты қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.

"Басты желіні заманауи желіге ауыстыру үшін жобалық сметалық құжаттар жасалып жатыр. Осы жылы жоба нақты аяқталып, оң сараптама алса – қаражат көзіне байланысты жөндеу жұмыстары басталады", – деді Атырау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Жасұлан Мұқашев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".