Нұр-Сұлтанда 22 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты 21 наурызда қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылады.

22-24 наурыз аралығында Наурыз мейрамын мерекелеу күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды City Transportation Systems.

Жексенбі күні, 21 наурызда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Қоғамдық көлік Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бір күн жұмыс істемейді. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)

Басқа күндері, соның ішінде сенбі күні қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар қалыпты режимде жүреді. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Осыған дейін елордада 21 наурызда локдаун енгізіліп, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуіне байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады деп жазған болатынбыз.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".