Нұр-Сұлтанда Қажымұқан Мұңайтпасұлына ескерткіш орнатылады

Фото adebiportal.kz сайтынан алынды. Фотоны түсірген Бауыржан Жуасбаев
Фото adebiportal.kz сайтынан алынды. Фотоны түсірген Бауыржан Жуасбаев
Биыл, сондай-ақ, "Қажымұқан" толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері өтеді.

Биыл қазақ палуаны Қажымұқан Мұнайтпасұлының 150 жылдық мерейтойының салтанатты ашылу рәсімі өтіп, 78 маңызды іс-шара жоспары бекітілген. 

"Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында Қажымұқан Мұңайтпасұлының монументін орнату. "Қажымұқан" толықметражды көркем фильмінің тұсаукесері, халықаралық және республикалық турнирлер өткізу бар", – деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің мәлімдеуінше, Жапония астанасы Токио қаласында жазғы олимпиада және паралампиада, Түркиядағы Төртінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақтың ұлы палуанына арналған халықаралық көрмелер ұйымдастыру жоспарланған.

7 сәуірде палуанның туған күніне орай спорттық бұқаралық іс-шаралар өтіп, Ақмола облысының Қажымұқан ауылында спорт кешенінің іргетасы қаланған.


Оқи отырыңыз: Ұлытауда "Жошы хан" тарихи-мәдени кешені ашылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".