Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық жобасы қолға алынды

Әлеуметтік осал топтағы қазақстандықтар "Елбасы жылуы" акциясы аясында көмек алатын болады.

"Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және "Дегдар" қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.

Нұрсұлтан Назарбаев қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, акция аясында Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарындағы барлығы 681 отбасына азық-түлік таратылады. Әрбір отбасына жалпы салмағы 132 келі тауар беріледі: 25 кг ұн, 25 кг картоп пен жеміс-жидек, күріш, қант, шай, қарақұмық, күнбағыс майы, гигиена заттары және басқа заттар. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар, тұрғын үй кезегі және әлеуметтік көмектер туралы


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".