Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
"Охотзоопром" инспекторын өлтірген үш адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Айыпталғандардың төртеуі 6 жыл бас бостандығынан айырылса, қалған үш адам өмір бойы түрмеде жазасын өтейді, деп хабарлады Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі бойынша Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковтер адам өлтіруге оқталып, мән-жайларды ауырлататын жағдайларда адам өлтіргені және заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал, Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімовтерге 5 жылға аңшылықпен айналысу құқығын шектей отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

"Сондай-ақ, сот 17 киікті заңсыз атып, қоршаған ортаға 89 763 750 теңге көлемінде залал келтіргені үшін барлық сотталушыларды шығынды өтеуге міндеттеді. Ахметов, Ақшанов және Шүкілдіковтер зардап шеккен инспектор Петр Ницыкке 6,5 млн теңге, ал қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің ұлына 16,89 млн теңге, інісіне 9,5 млн теңге көлемінде материалдық және моральдық шығын төлейді" делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

2019 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысының Нұра ауданында "Охотзоопром" жануарлар әлемін қорғау инспекторы Ерлан Нұрғалиев браконьерлер қолынан қаза тауып, әріптесі Петр Ницык ауыр жараланған болатын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".