Шертпе дегеніміз не және ол қандай ауруларға ем

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Хиджама мен шертпе маманы Өмірзақ Өтегенов ежелден келе жатқан бұл ем түрінің қандай пайдасы барын түсіндірді.

Шертпені кімдер жасатады және ол қандай ауруларға ем? Процесс қалай жүреді және аяқталған соң қалай күтіну керек? Сондай-ақ оны кімдерге мүлдем жасатуға болмайды? Ежелден жасалып келе жатқан шертпе туралы осы және өзге де сұрақтарға хиджама мен шертпе маманы Өмірзақ Өтегенов жауап берді. 

– Шертпе дегеніміз не? Медицинадағы бұл әдіс қалай, қашан пайда болды? Оны кім ойлап тапты?

– Шертпе – дәстүрлі медицинада қолданылатын емдік әдіс. Ол терінің белгілі бір нүктелерін арнайы құралдармен шерту арқылы жасалады. Бұл әдіс ежелден келе жатқан ата-баба медицинасының бір бөлігі және оның нақты пайда болған уақыты мен авторы белгісіз.

"Шертпе" өзінің аты айтып тұрғандай маңдайды шертіп тұрып жасалады. Оны аталарымыз бұрын ұстарамен жасайтын болған. Ал қазір біздер оны арнайы медициналық құралдармен жасаймыз. Инеұстауышқа отапышақ қойып жүзеге асырамыз. Қан бастың тамырынан шығады, капиллярлық емес. 

– Шертпе қалай жасалады? Процесті бастан-аяқ түсіндіріп берсеңіз. 

– Шертпе процесін үш үлкен бөлікке бөлеміз: дайындық, шертпенің өзін жасау және аяқтау-күтім.  

  • Дайындық: Адамға шертпе жасауға болатынын анықтаған соң, оған қалай отыру керек екенін түсіндіреміз. Ыңғайланып отырып алған соң, терінің шертпе жасайтын бөлігін тазалаймыз.
  • Шертпе жасау: Маман арнайы бір реттік медициналық құралмен немесе саусағымен терінің белгілі бір нүктесін шертеді. Бұл шертулер белгілі бір тәртіппен және қысыммен орындалады.
  • Аяқтау: Процедура аяқталғаннан кейін, шертпе жасалған аймақ қайтадан тазаланады. Қажет болған жағдайда шертпе жасалған жерге майлар жағылады. Маман бұл кезеңде қанның толық тоқтағанына көз жеткізеді. 

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 3600 адам бүйрек ауыстыруды қажет етеді. Олардың сексені – балалар


– Шертпе қандай ауруларға ем? Оны кімдерге жасатуға кеңес бересіз?

– Шертпе осы ауруларға жақсы көмектеседі:

Бас және жүйке жүйесі аурулары:

  • бас ауруы (мигрень);
  • ішкі бас қысымы (черепное давление);
  • бас сақинасы;
  • бас жарақаты (сотрясение);
  • бастағы киста;
  • беттің ұюы.

Қан қысымы және жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты аурулар:

  •  жоғары қан қысымы;
  • тамырларды кеңейтеді;
  • холестеринді төмендетеді;
  • қан айналымын реттейді (тазартады);
  • инсульт пен инфарктың алдын алады;
  • инсульт алған адамдарға (егер жағдайы жақсы болса).

Көз, құлақ, мұрын аурулары:

  • көз ішілік қысым (глазное давление);
  • құлақ шуылдауы;
  • мұрын тынысын ашады;
  • мұрыннан қан кетудің алдын алады.

Психологиялық және жүйке жүйесі мәселелері:

  •  күйзеліс пен депрессия;
  • ұйқыны реттейді

– Шертпе кезінде қан түсінің әртүрлі болуы немен байланысты? Біреулерде атқылап қызыл қан ағады, енді екіншілерінде қою қоңыр түсті болады. 

– Расымен де, шертпе жасаған кезде кей адамдардың қаны субарқақ секілді атқыласа, енді екіншілерінде керісінше әрең ағады. Сондай-ақ түстері де әртүрлі болады – кей адамдардікі қаралау, қою қызыл болып келеді. Бұл адамның денсаулығында кінәрат барын, тамырының жіңішкеріп кеткенін көрсетеді. Ол медициналық көрсеткіштерден бөлек, күйзеліс, ашу, ыза секілді психологиялық себептермен де байланысты болуы мүмкін. Өйткені көптеген аурудың себебі жүйке жүйесімен байланысты. 

– Керісінше кімдерге түбегейлі шертпе жасатуға болмайды? Қандай да бір теріс әсері болуы мүмкін бе? Ондайда не істеу керек? 

– Бір ем түрі барлығына бірдей жағуы мүмкін емес. Сол себепті біз пациенттің қазіргі жағдайына, бұрын қандай аурулары болғанына – медициналық көрсеткіштеріне аса мән береміз. Мысалы, келесі аурулары бар адамдарға мүлдем шертпе жасатуға болмайды:

  • анемия кезінде;
  • қант деңгейі 12-ден жоғары болса;
  • гемоглобин 100-ден төмен болса;
  • гемофилия кезінде (қан ұюының бұзылуы);
  • 1-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге;
  • 65 жастан асқан қарт адамдарға;
  • жүкті әйелдерге;
  • эпилепсия (талма ауруы) кезінде;
  • ақ қан ауруы (лейкоз) болса;
  • қан қысымы төмен (80/60) болғанда;
  • қозғалысы шектеулі жандарға (таяқпен жүретін, төсекке таңылған);
  • тромб болса;
  • (судорога) бұлшық ет құрысқанда;
  • онкология (рак) кезінде;
  • инсульт (қол-аяғы сал болып қалған жағдайда);
  • инфаркт кезінде;
  • I топ мүгедектеріне;
  • менингит ауруы кезінде;
  • жүрегі тоқтап қалу қаупі бар жандарға.

– Шертпені жасатпас бұрын нені ескеру керек? Шертпе жасайтын дәрігер мен мекемені қалай таңдаймыз? 

– Шертпені бас салып жасатуға болмайды, міндетті түрде маманнан консультация алу қажет. Кейде шертпе, кейде хиджама немесе емнің басқа да түрлерін жасауымыз мүмкін. Әдетте баста тамыр анық көрінбесе, хиджама жасауға кеңес береміз. 

Шертпе жасатуға келген кезде жарты аспирин ішкен жақсы. Ал дәрігер мен мекемеге келетін болсақ, ол әрине – білімі мен осы күнге дейін келген адамдардың пікіріне мән беру. 


Оқи отырыңыз: Жаңа уақыт белдеуінің денсаулыққа әсері: Эндокринолог, кардиолог, психолог және нутрициолог пікірі


– Шертпе жасатқан соң қалай күтінеміз? Қандай кеңес бересіз?

– Ем дұрыс жүруі үшін шертпеден кейінгі кезең аса маңызды. Әсіресе, суықтап қалмауға мән берген жөн және: 

  1. Левомеколь мазін жағыңыз – жараның орнына күніне бірнеше рет жағып тұрыңыз. Бұл жараның тез жазылуына көмектеседі және тыртық қалдырмайды.
  2. Екі-үш күн душқа немесе моншаға түсуге болмайды – бірақ дәрет алып, дененің басқа жерлерін жылы сумен жууға болады.
  3. Мұздай су ішпеңіз және денені мұздай сумен жумаңыз – қол-аяқ, бетіңізді де тек жылы сумен жуыңыз. Суық су жараның жазылуын баяулатады.
  4. Жылы киініп жүріңіз – денеңізден суық өткізіп алмаңыз. Иммунитетті әлсіретпеу үшін жылы жерде болыңыз.
  5. Бір аптадан кейін хиджама жасатыңыз – ағзаны тазартып, толық сауығу үшін бұл өте маңызды. Шертпеге келесі жолы 1-1,5 айдан кейін қайта келуге болады.
  6. Диета сақтаңыз және дене қимылын арттырыңыз – пайдалы тағамдармен тамақтаныңыз және күніне 8-10 км жаяу жүруге тырысыңыз. Спортпен шұғылданыңыз және көңіліңізді көтеретін нәрселерге уақыт бөліңіз!
  7. Қан қысымыңыз жоғары болса, жылқы етін тұтынбаңыз – жылқы еті қысымды көтеріп жібереді.

– Шертпені бір жылда неше рет жасатуға болады? Мұны қалай анықтаймыз? 

– Шертпені айына бір реттен жылына 5-6 рет жасатуға болады. Толықтай емделіп алған соң, арасын профилактика ретінде сиретіп жасатуға болады. 

– Қазақстанда, Алматы қаласында шертпе жасату бағасы қандай мөлшерде? 

– Басқа қалаларда 10 мың теңге, Алматы және Астана қалаларында 20 мың теңгеден. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда суррогат ана қызметі қанша тұрады? Репродуктологпен сұхбат


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".