Poparazzi қосымшасы іске қосылған алғашқы күні App Store сервисінде бірінші орынға шықты

Бұл қосымшада телефонның алдыңғы камерасына түсірілген және өңделген суреттер жүктелмейді.

Poparazzi командасының мәлімдеуінше, соңғы жылдары әлеуметтік желілерді өңделген, шынайы өмірден әлдеқайда алшақ суреттер басып алған. Оған керемет жазба және пікірлер жазу арқылы әсерінтағы күшейе түседі. Бұл тенденцияға күрес жариялаған Poparazzi қосымшасының бірқатар ерекшелігі бар. Мәселен:

  • Суреттерді жариялау алдында өңдеу мүмкін емес.
  • Пікірлер жазылмайды, тек қана эмоджи салынады.
  • Жазба не хэштег қойылмайды.
  • Қолданушылар өзіне жазылған адамдардың санын не суреттердің қанша рет қаралғанын көре алмайды.
  • Қолданушының профилі достарының суреттерінен жасақталады.
  • Телефонның алдыңғы камерасына қосылу мүмкіндігі жоқ.

Бұл ерекшеліктерді енгізу арқылы қосымшаны әзірлеушілер "қауіпсіз" және шынайы өмірге жақын әлеуметтік желі әзірлеуді мақсат етіп отыр. Әзірге қосымша тек AppStore сервисінде қолжетімді. 


Оқи отырыңыз: "IQ Bala": бүлдіршіндерге қазақ тілін үйрететін жаңа мобильді қосымша


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".