Президент Жансая Әбдімәлікті ерлер арасындағы гроссмейстер атағын иеленуімен құттықтады

Жансая Әбдімәлік Халықаралық шахмат федерациясының тоғызыншы кезеңінің гран-при қорытындысы бойынша жаңа атақ алды.

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

"Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз", – деп жазды ол.


Оқи отырыңыз: Шахмат "перғауындарымен" шайқасқандар


Жансая Әбдімәлік ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атанғаны туралы өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".