"Самұрық-Қазына" қоры БАӘ-нде жасалған Hayat-Vax қытайлық вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды

Вакцина қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне салынады.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры коронавирусқа қарсы Hayat-Vax вакцинасының 1 млн дозасын сатып алды. Қытайлық вакцина Біріккен Араб Әмірліктерінде өндірілген. "СК-Фармация" мәліметінше, вакцинаның бір дозасының құны – 31 доллар. Тиісінше, жалпы құны 31 млн доллар.

Бұған дейін қордың ресми сайтында Мемлекет басшысының тапсырмасына және 2021 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, "Самұрық-Қазына" АҚ Covid-19 вакцинасының 500 мың адамды вакцинациялауға мүмкіндік беретін 1 млн. дозасын сатып алуды қаржыландырғаны хабарланған болатын.

"Самұрық-Қазына" компаниялар тобындағы эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда және басым мәнге ие. Қор – қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерін вакцинациялаумен қамтудың барынша жоғары деңгейіне бағытталған", – делінген ресми хабарламада.


Оқи отырыңыз: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".