"Сержан Братан" Aitube видеохостингіндегі ең үздік сериал атанды

Фото brod.kz сайтынан алынды
Фото brod.kz сайтынан алынды
Сериалдың арнайы шығарылымы бүгін 18:00-де "Пацанские истории" арнасында жарық көреді.

Serjan Bratan сериалы алғашқы бес айдың нәтижесі бойынша 2021 жылы Aitube видеохостингіне орналастырылған қазақстандық сериалдардың ең танымалы болды. Төртінші, бесінші және жетінші эпизодтар қаралым саны жағынан үздік үштік қатарында. Олардың әрқайсысын бір жарым миллионнан астам көрермен көрген. Бұл туралы Aitu-Dala компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сериалдың арнайы шығарылымы  ұлттық видеохостингте эксклюзивті түрде 17 маусым күні 18:00-де "Пацанские Истории" арнасында жарық көреді.

"Aitube дүркін-дүркін ddos-шабуылдарға ұшырап отырды. Нәтижесінде біз шабуылдарды тойтарып қана қоймай, платформа қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі олқылықтардың да орнын барынша толтырдық. Біздің аудиториямыз бұған түсіністікпен қарады, сол үшін де дәл соларға арнап біз  Aitube-тен бонус ретінде Serjan Bratan-ның арнайы сериясын шығарып отырмыз. Ол сериал кейіпкерлерінің хакерлермен қалай күресетінін әзіл-сықақ түрінде көрсетеді", – деді Aitu-Dala компаниясының контент-директоры Ерлан Игісінов.


Оқи отырыңыз: Баиа Халықаралық анимациялық фестивалінде Balapan арнасының  "Шыңырау" анимациялық фильмі жеңімпаз атанды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".