Әскери міндеттілер аумақтық әскер жасақтау үшін арнаулы жиындарға шақырылады. Президент жаңа қаулыға қол қойды

Алмаз Төлекенің фотосы
Алмаз Төлекенің фотосы
Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін әкімдіктер айқындайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қаулыға сәйкес, ҚР Қарулы күштерінің аумақтық әскерлерін жасақтау үшін әскери міндеттілер арнаулы жиындарға шақырылады.

Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімдерін айқындай отырып, тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыруды астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың жергілікті атқарушы органдары Қарулы күштерінің бас штабымен келісе отырып ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".