Шымкент мейрамханасында атысқандар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қоғамдық тамақтану орнындағы жанжалдың кесірінен бір адам қайтыс болып, екіншісі жарақаттанған еді.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында 2020 жылғы 10 тамызда қалалық мейрамханалардың бірінде болған қанды қылмысқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оқиғаның төрт қатысушысына айып тағылды. Ең қатаң жазаға Абдраманов тартылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 4-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Арынов 16 жылға бас бостандығынан айырылса, Таукеев 5 жылға, Асадов 2,6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Оқи отырыңыз: Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік: 51 сотталушыға үкім шықты


Еске сала кетсек, былтыр 10 тамызда Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде болған атыс салдарынан екі адамға оқ тиді. Нәтижесінде олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды, екіншісі дене жарақатын алды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".