"Абай" мен "Мадам Баттерфляй". Қыркүйекте Опера және балет театрында қандай қойылымдар көрсетіледі?

90 жылдық тарихында театрда 300-ден астам шығарма сахналанған.

9-10 қыркүйекте Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры 90 мерейтойлық маусымын ашады. Осы күндері көрермен қауымға "Абай" және "Аққу көлі" қойылымдары ұсынылады. 

Театр шымылдығын ашатын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің "Абай" операсында басты партияларды Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев, Венера Алпысбаева, Нұржан Бажекенов, Есенгелді Рза және Болат Бөкенов сомдайды. 

Ал Петр Чайковскийдің "Аққу көлі" балетінде басты рөлдер жетекші әртістер – Малика Елшібаева, Нельсон Пенья және Азамат Асқаровқа бұйырды. 

Мерейтойлық маусым мәдени өмірдегі қызықты әрі маңызды оқиғаларға толы болады. Көрермендерді бірқатар премьера, фестиваль және гастрольдер күтеді. 21-22 қазан күндері театр Сыдық Мұхамеджановтың "Жұмбақ қыз" эпикалық операсының тұсаукесерін ұсынады. Аталған қойылым алғаш рет 1971 жылы сахналанған болатын. 

Төменде театрдың қыркүйек айына арналған репертуарымен таныса аласыздар:

90 жылдық тарихында театрда 300-ден астам шығарма сахналанған. Бұл – қазақ опералары мен балеттерімен қатар, орыс, батыс Еуропа опера классиктерінің жауһарлары.


Оқи отырыңыз: Кореялық K-pop әртісі Kisu: Алматының ұнағаны соншалық, осында бейнебаян түсіргім келеді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".