Тимур Нұркешов "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып тағайындалды

Сурет Назарбаев зияткерлік мектебінің сайтынан алынды
Сурет Назарбаев зияткерлік мектебінің сайтынан алынды
Бұған дейін ол Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болған.

Тимур Нұркешов Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының физика-математика факультетін, Алматыдағы "Қайнар" университетін, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған.⠀

Тимур Сейтқажыұлы "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымында 2014 жылдан бастап Педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы, Назарбаев зияткерлік мектептері дамыту департаментінде аға менеджер болып қызмет етті. Екі жыл Орал қаласындағы Зияткерлік мектепті басқарды, 2019 жылдан бастап Тараз қаласындағы NIS-тің директоры қызметін атқарды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".