Ұлттық банк атын жамылған телефон алаяқтары көбейген. Банк сақ болуды ескертті

Алаяқтар Ұлттық банк қызметкері ретінде "ақша жөнелтіңіз" деген сипаттағы хат жолдайды.

Қазақстан Ұлттық банкі ақша жымқыру мақсатында азаматтардың жеке деректеріне ие болу үшін банктің қызметкері ретінде телефон шалатын алаяқтардың көбейе бастағанын ескертеді, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жасамайды. Ұлттық банкте шоттарды тек қана Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, шектеулі заңды тұлғалардың операцияларын есепке алу үшін ашылады.

"Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық банкі ақша жіберіңіз деген электронды хаттар мен белгісіз нөмірлерден түскен қоңырауларға жауап бермеуге кеңес береді. Белгісіз банк шоттарының реквизиттері көрсетілген аяқ асты ақшаға тап боласыз деген хабарлама немесе телефон қоңырауы көбінесе алаяқтардың әрекеті екенін байқатады. Ұлттық банктен "ақша жөнелтіңіз" деген сипатта күмәнді хат келсе немесе қоңырау түссе, құқық қорғау органдарына арыздану қажет", – делінген банктің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


 
 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".