Ұлттық экономика министрлігінің болжамы: жалпы ішкі өнім 3 пайызға өседі

Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Фото depositphotos.com сайтынан алынды
Ал жылдың ортасында ішкі сұраныс жанданады.

"Біздің болжауымызша, жалпы ішкі өнім 3 процентке өседі. Мамыр-маусым айларында өсімнің оң зонасына шығуымыз қажет", – деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жылдың ортасында ішкі сұраныс жанданады. Сыртқы экономикалық жағдай мен сауда балансы да түзеле бастайды. Осының арқасында экономика біртіндеп көтеріледі.

Осы орайда министр экономикалық өсімнің негізгі себептерін атады.

"Әрине, мемлекеттік қолдау шараларының әсері де болды. Соның ішінде "Бизнестің жол картасы", "Нұрлы жол" мен "Нұрлы жер" бағдарламалары бар. Бұның барлығы ішкі сұранысты ұстап тұруға және экономиканың өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", – деді Ерғалиев.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".