Вакцина салғандардың 17%-ы – мұғалімдер. Білім министрі оқушылардың мектепке қандай жағдайда оралатынын айтты

Өңір "жасыл" аймаққа өткен кезде мектеп оқушылары оқу форматын өзі таңдауға құқылы.

"Пандемияға қатысты жағдай жақсарған кезде және өңірлер "жасыл" аймақта болған кезде балалар мектепке оралады. Әдетте, бір өңір "жасыл" аймаққа өткен кезде балалар оқу форматын өзі таңдауға құқылы", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

 

 

Министрдің мәліметінше, вакцина салғандардың 17%-ы – мұғалімдер.

"Ведомство бізге тиісті ақпаратты беріп отыр. Жалпы, мұғалімдер вакцинаны өз еркімен алды, ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бірақ, министр және Қазақстан азаматы ретінде әріптестерімді өз еркімен вакцина салдыруға, ғылымға сенуіне шақырамын", – деді ол.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұл қадамдар мұғалімнің өзінің қауіпсіздігіне, мектепте оқып жатқан балалардың, ұжым мен отбасының қауіпсіздігіне арналып отыр.


Оқи отырыңыз: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".