Халық санағы 1 қыркүйекте басталады. Сұрақтарға онлайн жауап беруге болады

Интервьюерлер қазан айының соңғы екі аптасында үй-үйді аралайды.

"1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында санақ аясында барлық сұрақтарға онлайн режимінде жауап беруге мүмкіндік беретін Ұлттық статистика бюросының sanaq.gov.kz арнайы сайты ашылады. Қазанның соңғы екі аптасында интервьюерлер үйлерді аралайды, сонымен қатар планшеттерді тұрғындарға ыңғайлы түрде толтырады", – деді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Айтуынша, алғашқы нәтижелер жыл соңына дейін белгілі болады.

"Жалпы, біз қазір санаққа дайындалып жатырмыз. Тиісті қаражат уақытылы бөлінген, олар резервте сақталған. Бюджеттегі белгілі нақтыландыру шеңберінде  Ұлттық статистика бюросына да қаражат бөлінеді. Ол статистикамен айналысатын адамдардың жалақысына кетеді", – деді Қайрат Келімбетов.

Науқанға кететін шығындар 8,2 миллиард теңгені немесе 10,4 миллион долларды құрайды. Бұл сомаға интервьюерлердің жалақысын төлеуге, планшеттерді сатып алуға және тағы басқа шығындар кіреді.

2009 жылғы санақтың нәтижелері бойынша Қазақстан халқы 16 миллион адамды құраған, 1999 жылғы санақпен салыстырғанда бір миллионға өсті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".