"Жалақысы – 125 мың теңгеге дейін". Алматыда халық санағын өткізуге жұмысшылар қабылданады

Сурет ғаламтордан алынды
Сурет ғаламтордан алынды
Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеуші қажет. Оларға жұмыс өтілі бойынша талап қойылмайды.

Биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында елімізде кезекті ұлттық халық санағы өтеді. Соған байланысты Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы бойынша департаменті өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша санақ персоналын іріктеу туралы конкурс жариялады.

Кезекті халық санағын жүргізуге 48 нұсқаушы-бақылаушы мен 618 тіркеуші қажет. Нұсқаушылар мамыр-шілде аралығында еңбек етсе, тіркеушілер 1 маусымнан бастап 30 маусымға дейін жұмыс атқарады. Осы уақыт аралығына олардың лауазымдық ай сайынғы жалақысы сәйкесінше 125 мың теңге мен 83 мың мың теңгені құрайды. 

Қызметке үміткердің кәсіптік білім деңгейіне қойылатын талаптар:

  • жоғары;
  • техникалық және кәсіптік;
  • орта білімнен кейінгі, жалпы орта білім.

Ал жұмыс өтілі бойынша талаптарды қойылмайды. Жеке құзыреттеріне қойылатын талаптар: талдамалық пайымдау, ықпал ету, командада жұмыс істеу, қарым-қатынас құру, ауызша және жазбаша коммуникация, жауапкершілік, әдептілік нормаларын ұстану, әдістемені игеру, нормативтілік, нәтижеге бағдарлану кіреді.


Оқи отырыңыз: Халық санағына 4 ай қалды. Қазақстандықтар қандай сұрақтарға дайын болуы керек?


Санақ кезінде жұмыс істегісі келетіндер толық анықтама алу үшін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы бойынша департаментіне жүгіну керек. Мекен-жайы: Абай даңғылы, 125.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".