Жаңаөзен қаласында "Есіктен есікке" акциясы жалғасуда

Акция барысында штаб мүшелері қала тұрғындарын 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды.

Бүгін, 15 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласында "Есіктен есікке" акциясы аясында қалалық мәслихатқа үміткерлер А.Кушикбаева мен Г.Еркебекова Шаңырақ шағынауданында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция барысында штаб мүшелері қала тұрғындарын халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған 2025 жылға дейінгі бағдарламамен таныстырды. Белсенділер тұрғындарды 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға және "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.



Кездесу барысында қала тұрғындары тарапынан сайлаудың өту барысы, қалай дауыс беретіндері, мектептердегі оқу жүйесі бойынша, сонымен қатар тұрмысы төмен отбасыларға көңіл бөліп, алдағы уақытытта қайырымдылық шараларын өткізіп отыруға ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Іс-шара соңында партияның Жаңаөзен қалалық сайлауалды штабының мүшелері халықтың барлық ұсыныстары мен ескертулері қаралып, алдағы жұмыс барысында ескерілетінін мәлімдеді.

"Nur Otan" партиясының Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".