
Қазақстанда жүргізілетін кез келген статистика, сандарға сенесіздер ме?
Ең үлкен өтірік – жұмыссыздар саны сияқты. Қанша үкімет басшысы, министр, статагенттік басшысы өзгерсін, инфляция, доллар өсімі, дағдарыс болсын, жұмыссыздар саны өзгермейді. Сол баяғы 450-500 мың адам шамасында. Саясаттанушы Досым Сәтбаев айтпақшы, өзін-өзі қамтып отырған 2,7 млн адам негізінен жұмыссыздар емес пе?
Тағы бір өтірік – орташа жалақы. Биыл 204 мың теңге! Әрине, 80-100 мың теңге алатын қарапайым адам мен 5 миллион теңге алатын топ-менеджердің жалақысын бір қазанға салса, бәлкім солай да шығар. Бірақ, көпшілік төмен жалақы алады.
Оқи отырыңыз: Ысыраппен той жасауды қойсақ, әнші де тәубеге келеді
Тағы бір күмәнді сан – қыз-келіншектер санының көптігі! Бұл "ойбай, тоқал алғызатын заң қабылдау керек" дейтіндердің басты уәжі, қаруы. Шындап келгенде, егер демографиядан хабарыңыз болып, жас ерекшеліктеріне қарай қарасаңыз, шамамен 20-25 жасқа дейін қыз-жігіттердің саны бірдей болады. Одан кейін біртіндеп ерлер азаяды: әскердегі әлімжеттік, төбелес, нашақорлық, ішімдікке салыну, жол апаттары, созылмалы аурулар, ерлердің іштей психологиялық күйзелісі және тағы басқа себеп көп.Әйелдер ұзақ жасайды. Жалпы, бұл мәселеге жас ерекшелігіне қарай қарау керек.
Енді осындай күмәнді статистикаға коронавирустың нақтыланған саны да кіруі мүмкін. Бүгінде елімізде бұл індетке 80 мыңға жуық адам шалдыққан болса, 235 мыңға жуық адам пневмониямен ауырған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытай елшісінің дүниеге жар салған "жұмбақ ауруын" коронавирустың дәл өзі деп мәлімдеген еді. Бірақ Әлішер Елікбаевтың жазбасына сенсек, бұған дейін тіркелген пневмония деректері есептелмей, тек 1 тамыздан бастап тіркелген деректер ғана саналмақ. Блогер мұны Қазақстанның коронавирус бойынша алдыңғы бестікке кірмеуі үшін жасалып жатқан шығар дейді.
Оқи отырыңыз: Алғы шепте жүрген журналистер жайын кім ойлайды?
Одан бөлек бұған дейін пневмониямен ауырып, қайтыс болған дәрігерлердің отбасына 10 млн теңге, ауырған дәрігерлерге 2 млн теңге төлемес үшін жасалып жатқан жоқ па екен деген күмән де бар.
Бірақ, қазірше 1 тамызға дейін уақыт бар. Елімізде тіркелген 235 мың пневмония дерегі коронавирус ретінде мойындалуы керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына тағы жалған ақпарат берілсе, мұның салдары тіптен қиын болмақ. Санкциялардың астында қалмайық. Халықты да, әлемді де алдауға болмайды. Қазірдің өзінде 80 мыңға 235 мыңды қосқанда, қандай сан шығып тұрғанын көріп тұрмыз. Мұны санау үшін 1 тамызды күтудің қажеті жоқ. Обьективті, нақты есеп болсын.
Автордың пікірі редакцияның ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
-
1🥔 "Урожая будет достаточно". Цены на картофель снизятся в Казахстане, заверил глава Минсельхоза
-
2518
-
6
-
15
-
-
2🏠 Минимальный первоначальный взнос по ипотеке намерены установить в Казахстане: минусы и плюсы
-
2115
-
0
-
10
-
-
3Цифровой автокредит до 20млн тенге. Одобрение за 5 минут
-
2272
-
0
-
9
-
-
4🌤 Прогноз погоды на 9 июля: сильная жара пришла на запад Казахстана
-
2255
-
0
-
4
-
-
5🚒👩🚒🧯 Мощный пожар разгорелся в Усть-Каменогорске, начальник ДЧС ВКО руководит тушением
-
2198
-
0
-
13
-
-
6💬 Смертельное ДТП на трассе до Балхаша: в КазАвтоЖоле ответили на жалобу о дорожных знаках
-
2135
-
2
-
7
-
-
7🤩 В Алматы выдали неправильные номера для авто иностранных компаний: владельцам нужно прийти в спецЦОН
-
2213
-
7
-
12
-
-
8🍔 Что есть до и после тренировки: еда, которая помогает добиться лучших результатов
-
2229
-
1
-
2
-
-
9🧑⚖️ За взятку в 73,5 млн тенге осудили чиновника в Астане
-
2110
-
0
-
13
-
-
10✍️ Токаев назначил главу Службы по противодействию коррупции
-
2231
-
1
-
49
-
Комментарии