Алматыда Никольск базарының орнына тұрғын үй кешені салынады

Сурет egemen.kz сайтынан алынды
Сурет egemen.kz сайтынан алынды
Никольск базарындағы саудагерлер биылғы сәуір айына дейін ғана сауда жасай алады.

Мәселенің мәні. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Никольск базарының орнына көпқабатты тұрғын үй салынатынын айтты. Бұған дейін бұл аумақта сауда орны салынады деп жоспарланған болатын.

"Никольск базары осы жылдың сәуір айына дейін ғана жұмыс істейді. Бүгінде онда 170-ке жуық кәсіпкер сауда жасайды. Былтыр қазан айында олардың барлығына сәуір айына дейін орынды босату туралы ескертілген. Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің 20-30 пайызы басқа орындарға кетіп жатыр", – деді Еркебұлан Оразалин.

Саудагерлерге Алмалы ауданындағы Жұлдыз, Барыс-4 базарларынан орын табуға көмек беріліп жатыр.

Базардың орнына көпқабатты үй салынады. Базар орналасқан жердің иесі нысанның бастапқы мәнін өзгерту туралы шешім қабылдаған. Тұрғын үй жобасы әзірге дайын емес. Дегенмен, тұрғын үйді салуға меншік иесіне үш жыл мерзім беріледі.

Қалада жеті базар қайта құрылады. Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, 2020 жылы Алматыда жеті базарды қалпына келтіру жоспарланған. Сарыарқа, Арыстан, Тұлпар, Үшқоңыр, Береке, Өжет базарларының жобасы дайын. Автобөлшектер сатылатын Жібек Жолы базарына қатысты мәселелер әлі толық шешілмеген.

Комментарии

Необходимо авторизоваться
Комментарии проходят модерацию.
Пока нет комментариев…
Популярное в нашем Telegram-канале

Новости партнёров

  • Пароль должен быть не менее 8 символов, содержать заглавные и строчные буквы, цифры, спецсимволы (например, !@#$%^&*).

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".