"Бір бұлақтан аң да, мал да, адам да су ішеді". Жамбыл облысында тұрғындар 30 жылдан бері ауыз суға зәру екенін айтты

Жалпы облыстағы 387 елдімекеннің 85-інде ауыз су жоқ. 

Жамбыл облысы Әбілхайыр ауылының тұрғындары 30 жылдан бері ауыз суға зәру болып отыр. Бір бұлақтан жабайы аң да, мал да, адам да су ішеді. Тұрғындар жергілікті биліктің құрғақ уәдесінен шаршағанын айтады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Енді адамдар бұл жерден көшіп жатыр. Себебі 30 жылдан бері су жоқ. 30 жыл ішінде осы ауылға су кіргізе алмады. Су кіргізу арман болып кеткен сияқты", – деді Әбілхайыр ауылының тұрғыны Нұржан Ералиев. 

Тұрғындардың айтуынша, аудан әкімі бұлақ басын жаңалауға бюджеттен қаржы бөлудің амалын таппаған. 


Оқи отырыңыз: Жамбыл, Жетісу және Түркістан облысы. Тұрғын үймен ең аз қамтылған 3 өңір белгілі болды


"Сметасы дайындалып, бюджеттік өтінім тапсырылды. 56 миллион теңге бөлінсе мәселе шешіледі. Биыл 200 адамы бар 6 елдімекенге су беруді жоспарлап отырмыз", – деді Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Қабілет Әбдірахманов. 

Су мен әкімдік ақшасын күткен ауыл азып-тозуға айналған. Аудандағы 46 ауылдың он төрті осы күйді кешіп отыр. Ендігі екі жылда құбыр тарту көзделген. Жалпы облыстағы 387 елдімекеннің 85-інде ауыз су жоқ. 

Комментарии

Необходимо авторизоваться
Комментарии проходят модерацию.
Пока нет комментариев…
Популярное в нашем Telegram-канале
НОВОСТИ ПАРТНЁРОВ
  • Пароль должен быть не менее 8 символов, содержать заглавные и строчные буквы, цифры, спецсимволы (например, !@#$%^&*).

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".