НҚА порталында жарияланған ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама жобасында әйелдердің 17 пайызы босанғаннан кейін депрессияға түсетіні жазылған. Осы орайда босанғаннан кейінгі әйелдерді балаларымен санаторлық-курорттық емдеуге жатқызу үшін "Ана мен бала" орталығы ұйымдастырылады.
"Көп әйел үшін босану өмірдің жаңа кезеңінің басталуы ғана емес, сонымен қатар денсаулық үшін маңызды сынақ. Баланы асқынусыз босанса да, ананың ағзасы қайта толық қалпына келуі керек. Әйелдердің 17 пайызы босанғаннан кейін депрессияға түседі. Сондықтан ауыр босанған науқастарға психологиялық қолдау көрсету керек. Алайда елімізде ауыр босанған әйелдерді оңалту деңгейі тиісті бөлімшелер мен қаржыландырудың жоқтығынан төмен болып отыр", – деп жазылған тұжырымдамада.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы бала босанғандар қанша теңге жәрдемақы алады? Әйелдерге пайдалы ақпарат
Жүктілікті жоспарлау кезінде әйелдердің хабардар болмағандықтан, алдыңғы және кейінгі босану арасындағы интервал (интергенетикалық интервал) сақталмайды. Ана мен баланың денсаулығын сақтау мүддесінде интергенетикалық интервал кем дегенде 24+9 ай болуы керек. Сондай-ақ, күрделі және операция арқылы босанғаннан кейін де интергентикалық интервал ұзақтығын сақтамайды.
"Босану арасындағы интервал сақтаудың жалғыз жолы – ұтымды контрацепция. Қазақстанда халықты тегін контрацептивтермен қамтамасыз ету көзделмеген. Соған байланысты босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдердің басым бөлігінің отбасын жоспарлау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр", – делінген құжатта.
Оқи отырыңыз: "Құдай қанша берсе, сонша бала туамын". Қазақстандық әйелдердің үштен бірі жүктілікті жоспарламайды
Сондай-ақ, жүкті және босанғаннан кейінгі әйелдерді балаларымен санаторлық-курорттық емдеуге жатқызу үшін "Ана мен бала" орталығы ұйымдастырылады.
-
1🥔 "Урожая будет достаточно". Цены на картофель снизятся в Казахстане, заверил глава Минсельхоза
-
2518
-
6
-
15
-
-
2🏠 Минимальный первоначальный взнос по ипотеке намерены установить в Казахстане: минусы и плюсы
-
2115
-
0
-
10
-
-
3Цифровой автокредит до 20млн тенге. Одобрение за 5 минут
-
2272
-
0
-
9
-
-
4🌤 Прогноз погоды на 9 июля: сильная жара пришла на запад Казахстана
-
2255
-
0
-
4
-
-
5🚒👩🚒🧯 Мощный пожар разгорелся в Усть-Каменогорске, начальник ДЧС ВКО руководит тушением
-
2198
-
0
-
13
-
-
6💬 Смертельное ДТП на трассе до Балхаша: в КазАвтоЖоле ответили на жалобу о дорожных знаках
-
2135
-
2
-
7
-
-
7🤩 В Алматы выдали неправильные номера для авто иностранных компаний: владельцам нужно прийти в спецЦОН
-
2213
-
7
-
12
-
-
8🍔 Что есть до и после тренировки: еда, которая помогает добиться лучших результатов
-
2229
-
1
-
2
-
-
9🧑⚖️ За взятку в 73,5 млн тенге осудили чиновника в Астане
-
2110
-
0
-
13
-
-
10✍️ Токаев назначил главу Службы по противодействию коррупции
-
2231
-
1
-
49
-
Комментарии