Президент болуға лайықты тұлға!

Қостанай әлеуметтік білім колледжінің директоры, филология ғылымдарының докторы Марияш Тілеуғабылқызы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдады.

Президенттің сайлауы ашық, адал және жоғары азаматтық жауапкершілікте өтті. Халық өз таңдауын жаңылмай жасады.

Айталық, Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықтың өз қалауымен дауыс бергені мәлім.

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымдағы "Қазақстан Республикасы сайланған Президентінің қызметіне кірісуі ресми рәсімінде" сөйлеген сөзінде: "...Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздің азаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді!"

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлем мойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туын дүние жүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті.

Осы күндері менің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектер келіп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек бар: "Елбасымыздың жолын, Стратегиясын сақтау және оны одан әрі нығайту..." деген болатын.

Осы пікірге толықтай келісемін және Қасым-Жомарт Кемелұлы, тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың басқару саясатын, елдің алға даму бағыты мен нысанасын ұстанып жалғастарады және елмізді өркениетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қосады деп сеніммен айта аламын.

Себебі, Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси тұлғасы баршаға мәлім. Ол – халықаралық деңгейдегі жоғары білікті және сауатты саясаткер.

Қасым-Жомарт Кемелұлының білімі мен тәжірибесі елімізді жаңа жетістіктерге, жаңа белестерге жеткізеді.

Комментарии

Необходимо авторизоваться
Комментарии проходят модерацию.
Пока нет комментариев…
Популярное в нашем Telegram-канале
НОВОСТИ ПАРТНЁРОВ
  • Пароль должен быть не менее 8 символов, содержать заглавные и строчные буквы, цифры, спецсимволы (например, !@#$%^&*).

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".