Тікелей эфир

Есенғали Раушановтың "Құстар біздің досымыз" туындысы ағылшын тілінде жарық көреді

Кітап Ұлыбританияның Whittles баспасынан шығады.

Бұл туралы Bilim Media Group директоры Рауан Кенжеханұлы әлеуметтік желідегі парағында хабарлады. 

"Бүгін қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Есенғали Раушановтың туған күні. Арамызда болса 64 жасқа толар еді. Бір өзі бір мектепке айналған қаламгер қазақ өлеңін жаңа сапалық деңгейге көтеріп кетті", – деп жазды Рауан Кенжеханұлы. 

Оның жазуынша, Есенғали Раушановтың көзі тірісінде "Құстар біздің досымыз" туындысын Лондонда ағылшын тіліне аудару басталған. Қазір аударма жұмыстарын аяқталып, кітап баспаға дайындалып жатыр. Туынды Ұлыбританияның Whittles баспасынан шығады.

Рауан Кенжеханұлы қараша айының ортасында қаламгердің мұрагерлері, аудармашылар мен баспагерлердің, жобаға атсалысқан мамандардың қатысуымен кітап тұсаукесірі өткізілетінін де хабарлады.

Қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушы, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Есенғали Раушанов биыл 16 сәуірде 64 жасында коронавирустан қайтыс болды

Серіктестер жаңалықтары