1 маусымда магистратураға кешенді тестілеуден өтуге құжат қабылдау басталады

Биыл кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

1 маусым мен 8 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы. 

Құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн өткізуге болады. 

"Тіркелу барысында сіз тестілеу өтетін қала мен орынды өзіңіз таңдайсыз. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 13 шілдеге дейін үміткердің жеке кабинетіне жолданады", – делінген Ұлттық тестілеу орталығының хабарламасында. 

Биыл кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Оған қатысу үшін 14 693 теңге төлеу қажет.


Оқи отырыңыз: Магистратураға үміткерлер қандай жағдайда шет тілі тестілеуінен босатылады?


Еске салайық, кешенді тестілеуде әр бағыт бойынша өзінің шекті балдары бар: 

Ғылыми-педагогикалық магистратура

Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:

  • Шет тілі – кемінде 25 балл;
  • ОДАТ – кемінде 7 балл;
  • БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

Бейінді магистратура

Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:

  • БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
  • КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".