Air Astana Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақтың кешігуіне қатысты түсініктеме берді

Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақ зақымданды.

Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеден Алматыға шыққан ұшақтың кешігуіне қатысты түсініктеме берді.

"16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсық тірегіндегі бекітпе зақымданған. Ақтөбе-Алматы бағыты бойынша КС866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін тоқтатылды. Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды", – делінген ақпаратта. 

Ұшақты жөндеу үшін жолаушыларды қалдырып Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданған. Алайда, елорда әуежайының түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания рейсті 19 тамызға қалдыруға мәжбүр болған. 

"Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа да ондаған рейстердің кешігуіне әкелді", – делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".