Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясының басшысы қамалды

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі – 70 млн теңге.

Астана қаласы әкімдігінің "Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2020-2023 жылдар аралығында ақша жымқыру шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығулар мен жарыстарға бөлінген іс-сапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған. Іс жүзінде жұмсалған ақшадан айырма түрінде алынған қаражатты КММ басшылығы алып отырған.

Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген шығын көлемі 70 млн теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ететін ұйымдар тізімін жариялады


"Дирекция басшысы оқу-жаттығу жиындарын қаржыландыру мәселесі бойынша оң шешім қабылдағаны үшін жаттықтырушыдан 4 млн теңге көлемінде пара алғаны анықталды. Дирекция бастығына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды", – делінген ресми хабарламада. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".